07.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Асу Алмабаев UFC турнирінен кейін Қазақстанға оралды

«Darteam.kazakhstan» мәліметі бойынша, Асу Алмабаев Лас-Вегаста өткен «UFC Fight Night 253» турнирінен кейін елге оралды.

«Асу Алмабаев UFC-дегі жеңілісінен кейін елге оралды. Жекпе-жектің нәтижесіне қарамастан, бұл оның мансабындағы маңызды тәжірибе және алға қойған тағы бір қадам болды», — деп хабарлады жауынгердің командасы.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық спортшы португалиялық файтер Манель Капемен кездесті. Жекпе-жек үшінші раундта көзге саусақтың кездейсоқ тиюінен кейін техникалық нокаутпен аяқталды.