Оқу уақыты: 1 мин

Асу Алмабаев UFC чемпиондық белбеуі туралы пікір білдірді

Асу Алмабаев UFC чемпиондық белбеуі туралы пікір білдірді

Athlon Sports мәліметі бойынша, қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев өзі мен отандасы Шавкат Рахмоновтың чемпиондық белбеуге таласу мүмкіндіктері туралы ойымен бөлісті.

«Бұл біз екеуміз үшін де үлкен құрмет болады. Еліміздің атынан өнер көрсету біз үшін өте маңызды. UFC – әлемдегі №1 промоушен, сондықтан мұнда өз туымызды көтеру Олимпиадада алтын медаль жеңіп алумен тең», – деді Алмабаев.

Айта кетейік, Асу Алмабаев (лақап аты – «Зульфикар») 2 наурыз күні өтетін UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегінде анголалық Манел Капемен кездеседі.