Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Астанада футбол жұлдыздарының Аңыздар матчы өтеді

25 сәуір күні елордадағы «Астана Аренада» ерекше футбол матчы өтеді. Бұл кездесуде әлемге танымал футбол жұлдыздары алаңға шығып, жанкүйерлермен керемет шоу сыйлайды.

Матчқа қатысатын танымал ойыншылар:

  • Кларенс Зеедорф
  • Гаиска Мендьета
  • Димитар Бербатов
  • Фернандо Морьентес
  • Хавьер Дзанетти
  • Майкон
  • Джей-Джей Окоча
  • Клод Макелеле

Шара барысында концерттер мен отбасылық ойын-сауықтар өтеді. Ұйымдастырушылар балалар мен әйелдер футболын дамытуға арналған жобаларды таныстырады.

Матч билетін алған жанкүйерлер арасында ұтыс ойнатылады. Жүлделер: iPhone, PlayStation 5, AirPods және аңыз ойыншылардың қолтаңбасы бар футбол формалары. Жеңімпаздар матч үзілісінде анықталады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!