Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Артем Дзюба Абдуқодир Хұсановтың ойынына жоғары баға берді

Sportnews.kz мәліметінше, Ресей құрамасының шабуылшысы Артем Дзюба қазіргі уақытта «Манчестер Сити» сапында өнер көрсетіп жүрген өзбекстандық қорғаушы Абдуқодир Хұсановтың шеберлігіне тәнті екенін жеткізді.

«Хұсанов — керемет ойыншы. Маған оны Шерзод Есанов деген жас жігіт көрсетті. Ол бұрыннан таниды екен. Бейнелерін жіберді, көріп таңғалдым. Бойы аса биік емес, бірақ әуедегі доптарға жақсы шығады, жылдам, орнын дұрыс таңдайды. Кейін бір матчта Винисиус Жуниордың одан өте алмай қалғанын көрдім. Бұл көп нәрсені аңғартады. Беларусьтің командасынан шығып, бірден „Манчестер Сити“ сапына ауысу — өте сирек болатын жағдай», — деді Дзюба.

Абдуқодир Хұсанов ағымдағы жылдың қаңтар айында «Манчестер Ситиге» ауысып, клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды. Transfermarkt дерегінше, 20 жастағы қорғаушының трансферлік құны — 12 миллион еуро.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!