Оқу уақыты: 1 мин

Армен Петросян UFC құрамынан шығарылды

Армен Петросян UFC құрамынан шығарылды

UFC Roster Tracker мәліметінше, Армен Петросян аралас жекпе-жектің ең мықты лигасы қатарынан шығарылды.

Армян спортшысы соңғы рет наурыз айының басында октагонға шыққан болатын. Бұл жекпе-жекте ол екінші раундта Брунно Феррейраға ауырту әдісімен жеңілді.

Петросян 2022 жылдан бері UFC орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде ол жеті жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жетіп, төрт рет қарсыластарына жол берді.