18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Арина Соболенко: келесі матчта қатемді қайталамауға тырысамын

Әлемнің бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Арина Соболенко Индиан-Уэллстегі WTA-1000 финалында «Мирра Андреевамен» өткен матчтан кейін өз ойын айтты, деп хабарлайды Championat.com.

«Мен қазірдің өзінде реванш алғым келеді. Ол әзірге жеңісін тойлай берсін, бірақ келесі кездесуде одан да күштірек күресемін және бүгінгідей қателіктерге жол бермеуге тырысамын», – деді Соболенко.

Беларусь теннисшісі қарсыласының ойыны туралы сұраққа: «Оның ойынында ерекше өзгерістер байқамадым. Мүмкін, мен оған еркін ойнауға мүмкіндік беріп қойдым. Бірақ, шын мәнінде, бұл менің өзіммен болған күресім», – деп жауап берді.