Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Анге Постекоглу жанкүйерлер сынына жауап берді: «Кешіріңіз, олар басқа матчты көрген»

«Тоттенхэм» бас бапкері Анге Постекоглу Премьер-лигадағы кезекті жеңілістен кейін (0:2, «Челсиден») жанкүйерлер мен сарапшылар тарапынан айтылған сынға жауап берді.

«Мен өзімді жақсы сезінемін, сынға үйренгенмін — мансабым бойы күресіп келемін. Жанкүйерлердің көңілі қалғанын, ашулы екенін түсінемін. Бірақ егер біреу бұл команда тырыспайды десе — кешіріңіз, олар басқа матчты көрген», — деді австралиялық маман.

Бапкер жанкүйерлерге бағыттаған қимылын түсіндіріп, Папе Саррдың VAR арқылы күшін жойған голын тойлаған сәтте ысқырған жанкүйерлерге жауап бергенін мойындады.

Постекоглу сондай-ақ VAR жүйесін сынға алды. Оның пікірінше, қосымша он екі минут — бұл технологияның дұрыс пайдаланылмағанының белгісі. «Бұл жүйенің құрылу мақсаты бұл емес», — деді бапкер.

Қазіргі таңда «Тоттенхэм» Премьер-лигада 14-орында тұр. Егер жағдай өзгермесе, клуб 17 жыл ішінде алғаш рет үздік ондыққа кіре алмауы мүмкін.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!