03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Андрей Назаров: Жас ойыншыларға сену — нәтижеге жету үшін ең жақсы стратегия емес

Championat.com мәлімдегендей, белгілі ресейлік бапкер Андрей Назаров — «Барыс» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы астаналық клубтың биылғы маусымдағы өнері жайлы ой бөлісті.

«КХЛ-да плей-офф кезеңіне белсенді дайындық жүріп жатыр, оған шығатын командалар әлдеқашан анықталып қойған. Өкінішке орай көңіл қалдырған командалар да бар, мәселен «Барыс» — деп атап өтті маман.

Назаров қазақстандық клубтың (турнир кестесінде соңғы орында тұрған) 0:8 есебімен ойсырай жеңілгеніне назар аударды: «Тек жас ойыншыларға сену — нәтижеге жету үшін ең жақсы стратегия емес».

Бапкер команданың даңқты өткенін еске алды, әр жылдары «Барыс» сапында мынадай жұлдызды легионерлер өнер көрсетті:

  • Найджел Доус
  • Дастин Бойд
  • Брэндон Боченски
  • Кевин Даллман

Андрей Назаров клуб басшылығы қазіргі жағдайды реттей алады деген үміт білдірді.