24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Андреева Маямиде жеңіліп, 13 матчтық жеңісті сериясын тоқтатты

Мирра Андреева Маямидегі турнирдің үшінші айналымында Аманда Анисимовадан жеңіліп, өзінің 13 матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты.

17 жастағы ресейлік теннисші үш сетте 6:7(5), 6:2, 3:6 есебімен қарсыласына жол берді. Бұл оның соңғы бір жарым айдағы алғашқы жеңілісі болды.

Бұған дейін Андреева керемет нәтиже көрсеткен — Дохадағы турнирде Ребекка Шрамковадан жеңілгеннен кейін ол Дубай мен Индиан-Уэллстегі беделді турнирлерде топ жарып, әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енген болатын.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!