22.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Әмір Омарханов Australian Open турнирінің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Australian Open Juniors турнирінің үшінші кезеңінде жеңіліс тапты. Бұл туралы Бірінші бол жазды.

Бұл кезеңде қазақстандық спортшы швед Уильям Рихтманмен кездесті.

Матч үш сетке созылып, нәтижесінде Рихтман 4:6, 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Омарханов ширек финалға өте алмай, Australian Open турниріндегі өнерін аяқтады.