Оқу уақыты: 1 мин

Алматыдағы Орталық стадион жаңғыртылады — 35 мың орындық жаңа арена пайда болады

Алматыдағы Орталық стадион жаңғыртылады — 35 мың орындық жаңа арена пайда болады

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласының құрылыс басқармасы оңтүстік астананың басты спорттық нысаны — Орталық стадионды қайта жаңғырту жоспарын растады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, жаңа стадион халықаралық стандарттарға толық сай болады және Еуропа мен әлем деңгейіндегі жоғары дәрежелі турнирлерді өткізуге мүмкіндік береді.

«Стадион толығымен жабық форматта болады. Бұрынғыдай ашық алаңдар болмайды, барлық жағдай заманауи талаптарға сәйкес жасалады», — деді қала басшысы.

1958 жылы салынған тарихи стадионды жаңарту жобасы аясында көрермендерге арналған орын саны 23 мыңнан 35 мыңға дейін көбейтіледі. Осылайша, бұл арена Қазақстандағы ең ірі стадионға айналмақ.

Қайта құру жұмыстарына тәжірибелі халықаралық компанияларды тарту жоспарланып отыр. Жоба ғимараттың тарихи келбетін сақтай отырып жүзеге асырылады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2025–2026 жылдары басталады деп жоспарланған. Жобаның нақты құны жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!