Оқу уақыты: 1 мин

Әлімханұлының қарсыласы Астанадағы жекпе-жек алдында хейтерлерге жауап берді

Әлімханұлының қарсыласы Астанадағы жекпе-жек алдында хейтерлерге жауап берді

Жеңілмеген француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) — орта салмақтағы WBO және IBF титулдарының үміткері — чемпион Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жек алдында өзіне қатысты сынға жауап берді.

«Егер сен туралы айтып жатса, бұл керемет. Демек, мен бармын. 5 сәуірде олар мен кім екенімді біледі. Бұл жағымсыз пікірлер мені одан сайын ынталандырады. Мен оларға «Х» күні — 5 сәуірде жауап беремін. Сіздер бәрін өз көздеріңізбен көресіздер», — деді Нгамиссенге.

Әлімханұлы мен Нгамиссенге арасындағы чемпиондық жекпе-жек Астанада өтеді. Орта салмақтағы WBO және IBF белбеулері сарапқа салынады.