24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Александр Усик Геннадий Головкиннің жазбасын белгіледі

«Tofight.ru» мәліметінше, ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы Александр Усик Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің Олимпиада бағдарламасына бокстың енгізілуі туралы жазбасын белгіледі.

«Жеңіске жеттік — бокс Олимпиадада қалады! Бұл істі жүзеге асыруға көмектескен барлық адамға алғыс! Лос-Анджелес 2028, біз келеміз!» — деп жазды Головкин.

Әлеуметтік желілерде сирек белсенділік танытатын Усиктің осы жазбаға «ұнайды» белгісін қоюы ерекше назар аудартты. Қазіргі уақытта Головкин ҚР ҰОК басшысы және «World Boxing» олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметтерін қатар атқарып келеді.