Олимпиада чемпионы Александр Легков Ресей құрамасының жаңа рекордын орнатқан шабуылшы Артем Дзюбаның саясаттағы болашағы туралы пікір білдірді, деп жазады «Р-Спорт».
Жақында өткен Гренадаға қарсы жолдастық кездесуде (5:0) Дзюба ұлттық құрама сапындағы 31-ші голын соғып, Александр Кержаковтың 30 голдық жетістігінен асып түсті.
«Артемді рекорд үшін шақырды – бұл ресейлік футбол үшін маңызды оқиға. Ал саясатқа келсек, ол барлық талаптарға сай келеді: адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алады, жанкүйерлер оны жақсы көреді, ол да оларды құрметтейді. Ең бастысы – ол бұл іске қалай қарайды. Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады», – деді Легков.
Спортшы Дзюбаның саясатқа келуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, бірақ бұл қадамға дұрыс уақытты таңдау керектігін атап өтті.
Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!