24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Александр Исак АПЛ-дағы 50-ші голын соғып, бомбардирлер қатарына қосылды

«Ньюкасл» шабуылшысы Александр Исак мансабындағы маңызды межеге жетті — ол Англия Премьер-лигасындағы 76-шы ойынында 50-ші голын соғып, ерекше нәтижеге қол жеткізді.

Англия құрамасының бұрынғы қақпашысы Джо Харт швед шабуылшысының жетістігін жоғары бағалап: «Қазіргі футболда ол тек АПЛ-де ғана емес, бүкіл әлемдегі үздік шабуылшылардың бірі», – деп атап өтті.

«Ол тек гол соғып қана қоймай, команда үшін де көп жұмыс істейді. Исак – «Ньюкасл» үшін нағыз олжа. 25 жасында ол әлі де жетістікке құштар және одан да жоғары деңгейге көтеріле алады», – деді Харт.

Швед шабуылшысынан жылдамырақ 50 гол межесіне тек алты ойыншы жеткен:

  • Эрлинг Холанд – 48 ойын
  • Энди Коул – 65 ойын
  • Алан Ширер – 66 ойын
  • Руд ван Нистелрой – 68 ойын
  • Фернандо Торрес – 72 ойын
  • Мохамед Салах – 72 ойын

Ағымдағы маусымда Исак Премьер-лигада 19 гол соқты және маусымдық жеке рекордын жақсартуға толық мүмкіндігі бар.