17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Александр Бублик Галледегі ATP 500 турнирінің екінші кезеңіне өтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Александр Бублик Галледегі ATP 500 турнирінің екінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде №45) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан шөп кортындағы ATP 500 санатындағы турнирде сәтті бастады. Бірінші айналымда ол франциялық Александр Мюллерді жеңді.

Кездесу 6:4, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 1 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 11 эйс жасап, үш қос қате жіберді және 5 брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды. Қарсыласы алты эйс жасап, екі қос қате жіберіп, бірде-бір брейк-пойнт жасай алмады.

Екінші айналымда Бублик Янник Синнер — Янник Ханфман жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, Синнер ATP рейтингінің қазіргі бірінші нөмірі және бұл турнирдің басты фавориттерінің бірі саналады.