11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Александр Бубнов Максим Самородовтың ойыны жайлы ойымен бөлісті

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахмат» шабуылшысы Максим Самородовтың Ресей Премьер-лигасының 20-турындағы ойынына қатысты белгілі футбол сарапшысы Александр Бубнов өз пікірін білдірді.

Қазақ шабуылшысы «Локомотивпен» өткен матчта ерекшеленді.

«Самородов? Бұған дейін көргенде қатты әсер қалдырмады, бірақ бұл ойында өте жақсы өнер көрсетті», – деді Бубнов YouTube-тегі «Коммент.Шоу» арнасында.

Айта кетейік, «Ахмат» қазір турнирлік кестеде 14-орында тұр және элитада қалу үшін күрес жүргізуде.