01.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Alash Pride чемпионы Саламат Исбулаев Қазақстан азаматтығын алды

Alash Pride жеңіл салмақтағы жеңілмеген чемпионы Саламат Исбулаев енді Қазақстан азаматы болды, деп хабарлайды «Еркін Күш» командасының бапкері Айбек Шоқпұтов.

Исбулаев Саламат бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының азаматы болды, — деп жазды Шоқпұтов өзінің инстаграмында.

Кәсіпқой файтердің жетістіктері көз тартарлық — сегіз жеңіс, жеңіліс жоқ, оның бесеуі нокаутпен аяқталған. Екі жарым ай бұрын Қытайда өткен соңғы жекпе-жегінде Исбулаев моңғолиялық спортшы Намнанбаяр Тууланы бірінші раундта аяғымен басына соққы жасап, әсерлі нокаутқа жіберді.

Айта кетерлігі, он жыл бұрын Оренбург ММА Кубогында Исбулаев қазіргі уақытта да Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген UFC-дің бұрынғы файтері Дамир Исмағұловты жеңген болатын.