25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ақтөбенің» экс-капитаны команданың Суперкубоктағы жеңілісін түсіндірді

Meta-ratings.kz мәліметінше «Ақтөбенің» бұрынғы капитаны және жартылай қорғаушысы Леонель Струмия өзінің бұрынғы командасы «Қайратпен» өткізген Суперкубок матчы туралы ойымен бөлісті.

Иә мен бұл матчты көрдім және ол екі команда үшін де оңай болған жоқ. Маусым басындағы ойындар әрдайым қиын өтеді ал мұнда тағы финал болды. Мұндай жағдайларда жақсы көрінгенің немесе жоқтығың маңызды емес — бар күшіңді салып жеңу керек. Мұндай деңгейдегі матчтарда барлығы сенің ойыныңа емес нәтижеге қарайды.

Аргентиналық экс-капитан (2023-2024 жылдары қызыл-ақ түстілер сапында ойнаған) сондай-ақ клуб жанкүйерлеріне де үн қатты:

Ақтөбеліктерге тек алғысымды білдіре аламын, бірге өткізген екі жыл үшін рахмет. Тек маған ғана емес отбасыма да көрсеткен қолдау мен құрмет үшін. Мен сіздерге әрқашан алғыс айтамын және шын жүректен ең жақсысын тілеймін.

Трофей үшін шешуші матчта «Ақтөбе» алматылық клубқа 0:2 есебімен жол берді — гол соққандар:

  • Элдер Сантана
  • Валерий Громыко