25.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

АҚШ-тағы матчтан кейін Мессиден автограф сұраған төреші жарты жылға шеттетілді

Мексикалық төреші Марко Антонио Ортис Нава КОНКАКАФ аясындағы матчтарда төрелік етуден 6 айға шеттетілді.

Оқиға КОНКАКАФ Чемпиондар Кубогының 1/16 финалында «Интер Майами» «Спортинг Канзас-Ситиді» 1:0 есебімен жеңген матчтан кейін орын алды. Кездесудің бас төрешісі жеңіс голын соққан Лионель Мессиге келіп мүмкіндігі шектеулі туысы үшін автограф сұраған.

КОНКАКАФ басшылығы мәлімдеме жасады:

Төрешінің мінез-құлқы Конфедерацияның матч қызметкерлеріне арналған мінез-құлық кодексіне сәйкес келмейді.

Ортис Наваның өзі қателігін мойындап, оқиға үшін кешірім сұрады және тәртіптік шаралармен  2024 жылдың жаз соңына дейін жұмыстан шеттетумен келісті.