05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ағылшын төрешісі даулы қызыл картадан кейін АПЛ-дан шеттетілді

The Athletic мәліметінше, Майкл Оливер Ағылшын Премьер-лигасының 28-тур ойындарына төреші ретінде тағайындалмаған.

Бұл шешім оның 4 наурызда өткен Англия кубогындағы «Кристал Пэлас» – «Миллуолл» (3:1) матчы кезіндегі әрекетіне байланысты. Ойынның 7-минутында қонақтардың қақпашысы Лиэм Робертс айып алаңынан тыс шығып, допқа талас кезінде Жан-Филипп Матетаның басына соққы жасады. Жарақат алған шабуылшы ауруханаға жеткізіліп, құлақ аймағына тігіс салынды.

Оливер қақпашыны алаңнан қууды бірден шешпей, тек бейне қайталауды көрген соң ғана қызыл қағаз көрсетті. Бұл жағдай футбол сарапшылары мен жанкүйерлердің сынына ұшырады.

АПЛ матчтарынан уақытша шеттетілгеніне қарамастан, ол бүгін Чемпиондар лигасындағы «Бавария» – «Байер» кездесуінде бас төреші қызметін атқарады.