27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ағылшын клубтары жазғы трансферлік жоспарларын құруда

Telegraph мәліметінше, «Саутгемптон» өздерінің жас шабуылшысы Тайлер Диблингке 100 миллион фунт стерлинг көлемінде баға белгіледі. Ойыншыны «Тоттенхэм» мен «Манчестер Сити» скауттары мұқият бақылап отыр.

«Ньюкасл» «Ливерпуль» қорғаушысы Джарелл Куансқа қызығушылық танытуда. «Сауысқандар» 22 жастағы ағылшын ойыншы үшін жазғы трансферлік кезеңде 30 миллион фунт ұсынуға дайын.

«Арсенал» «Айнтрахттың» француз шабуылшысы Хуго Экитикені «Ньюкасл» ойыншысы Александр Исакқа балама ретінде қарастыруда. «Сауысқандар» Исак үшін 150 миллион фунт сұрауда.

Қазір «Челсиде» жалға ойнап жүрген «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Джейдон Санчо Бундеслигаға қайта оралғысы келеді. Оның басым нұсқасы — дортмундтық «Боруссия», бірақ «Байер» де қызығушылық білдіруде.

«Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед», «Ньюкасл» және «Наполи» «Генктің» 17 жастағы грек жартылай қорғаушысы Константинос Каретсасты бақылап отыр.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!