Оқу уақыты: 1 мин

«Адана Демирспор» мерзімінен бұрын Суперлигадан шығып қалды

«Адана Демирспор» мерзімінен бұрын Суперлигадан шығып қалды

SPORT+ мәліметінше, Түркияның «Адана Демирспор» клубы Суперлигадағы орнын мерзімінен бұрын жоғалтты.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Аймбетов ойнайтын команда чемпионаттың аяқталуына он тур қалғанда элиталық лигада қалу мүмкіндігінен айырылды.

28-турдан кейін «Адана Демирспор» теріс ұпай көрсеткішімен көш соңында қалды. Бұл олардың төрт маусымнан кейін Түркияның жоғары дивизионынан автоматты түрде төмен түсетінін білдіреді.