18.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Абдукодир Хусановқа құны 350 мың доллар болатын көлік сыйға берілді

«Манчестер Сити» футболшысы Абдукодир Хусанов Ташкентке келген кезінде құны 350 мың доллар тұратын Mercedes-Benz G-Class автокөлігін сыйға алды.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындалу үшін Өзбекстан астанасына келген жас спортшы бұл көлікті әкесіне сыйлауды жөн көрген.

Өзбекстан ұлттық құрамасы алдағы күндері екі маңызды матч өткізеді:

  • 20 наурыз — Қырғызстанмен ойын
  • 25 наурыз — Иранмен кездесу

Футболшыға осындай қымбат сыйлық жасаған адамның аты-жөні жарияланбады.