04.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

50 жастағы Ресей құрамасының экс-қақпашысы 22 жастағы модельге үйленуге ұсыныс жасады

Ресей құрамасының бұрынғы қақпашысы Руслан Нигматуллин 22 жастағы модель және теле-жүргізуші Эвелина Сынчеге ұсыныс жасады.

50 жастағы экс-футболшы инстаграмда осы қуанышты сәттің бейнежазбасын бөлісіп:

«Біз сіздермен өміріміздің жаңа кезеңін, өміріміздегі өте қымбат сәтпен бөліскіміз келді» деп жазды.

Бұл Руслан Нигматуллин үшін екінші неке болмақ. Ол шамамен 9 ай бұрын, 28 жыл бірге тұрған алғашқы жұбайы Елена Нигматуллинамен ажырасқан болатын. Бірінші некеден оның екі ұлы бар. Ажырасу кезінде экс-қақпашы шамамен 200 миллион рубльдік мүліктен айырылған.