05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2026 жылғы Әлем чемпионатының финалында алғаш рет үзіліс кезінде шоу өтеді

FIFA.com мәліметінше, 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының финалдық матчы Нью-Джерсидегі «MetLife» стадионында өтеді. Бұл финалда алғаш рет таймаралық үзілісте ауқымды шоу ұйымдастырылады.

«Coldplay» тобының әншісі Крис Мартин мен менеджері Фил Харви үзіліс кезінде өнер көрсететін әртістерді іріктеуге көмектеседі.

«Нью-Йорктегі Нью-Джерсиде өтетін әлем чемпионатының финалының үзілісіндегі алғашқы шоу болады. Бұл тарихи сәт және әлемдегі ең ірі спорттық оқиғаға лайықты көрініс болады», — деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

Шоудың форматы Супербоулдан өзгеше болады. Америкалық футбол финалында сахнаны дайындау үшін үзіліс 30 минутқа дейін созылса, Әлем чемпионатында үзіліс әлдеқайда қысқа болады.

Айта кетейік, жақында өткен Супербоулдың үзілісінде өнер көрсеткен Кендрик Ламардың қойылымын АҚШ-та рекордтық 133,5 миллион көрермен тамашалаған еді.