10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

1xBet Pro Hokei Ligasy: «Сарыарқа» плей-оффтың жартылай финалына шықты

«Сарыарқа» Қазақстан чемпионатының плей-офф ширек финалының шешуші матчында «Алматыны» 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Қарағандылық команда сериядағы төртінші жеңісін тіркеп, келесі кезеңге өтті. Жартылай финалда «Сарыарқа» көкшетаулық «Арлан», өскемендік «Торпедо» және ташкенттік «Хумо» командаларымен бірге бақ сынайды.

Ойынның басында «Алматы» есеп ашты — Алламов шайбаны Карамнов пен Бурделевтің пасымен соқты. Бірақ «Сарыарқа» тез арада Конновтың Зайцевтен алған пасымен есепті теңестірді. Екінші кезеңде Демин қарағандылықтарды алға шығарса, үшінші кезеңде Шингареев бос қақпаға шайба соғып, жеңіске нүкте қойды.