Оқу уақыты: 1 мин

19 жастағы Англия құрамасының дебютанты алаңға шыққан соң 41 секундтан кейін гол соқты

19 жастағы Англия құрамасының дебютанты алаңға шыққан соң 41 секундтан кейін гол соқты

Шабуылшы Мишель Агьеманг Бельгияға қарсы ойында Англия құрамасы үшін жарқын дебют жасады — футболшы алаңға шыққаннан кейін 41 секундтан соң әсерлі гол соқты, деп хабарлайды BBC.

«Арсеналдан» жалға алынған «Брайтонның» 19 жастағы ойыншысы Агьеманг доппен алғашқы екі жанасудан гол соқты — ағылшындардың жеңілісіне қарамастан, бұл сәт кездесудің көрікті сәті болды.

«Арсеналдың» бұрынғы қорғаушысы Джен Битти Агьемангтың талантымен бірлескен жаттығулар кезінде таныс болып, әсерімен бөлісті:

«Ол керемет. Мен Арсеналда болған кезде, ол академия ойыншысы ретінде негізгі құраммен жаттығатын. Сеніңіздер, мұндай голдарды ол жаттығуларда да соғатын. Оған бір-екі жанасу жеткілікті — ол айып алаңында керемет ойын көрсетеді»

Ағымдағы маусымда жас шабуылшы «Брайтон» сапында барлық турнирлерде 19 ойын өткізіп, үш гол соқты.