12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

17 жасар Мирра Андреева Индиан-Уэллстегі турнирде Елена Рыбакинаны жеңді

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің 1/8 финалында жеңілісті мойындады, — деп хабарлайды WTA.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған 17 жасар ресейлік Мирра Андреева қазақстандық теннисшіге мүмкіндік қалдырмай, матчты 67 минутта 6:1, 6:2 есебімен аяқтады.

Ширек финалда Андреева WTA рейтингінде 23-орында тұрған украиналық Элина Свитолинамен кездеседі. Атап өтерлігі, бұл ресейліктің Рыбакинадан екінші рет жеңуі — екі апта бұрын ол Дубай турнирінің жартылай финалында жеңіске жеткен болатын.

Индиан-Уэллстегі жарыстың жүлде қоры 8,9 миллион долларды құрайды — жеңімпаз 1,1 миллион доллар сыйақы мен мың рейтингтік ұпай алады.