17.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

17 жасар Мирра Андреева әлемнің бірінші ракеткасын финалда таң қалдырып жеңді

Мирра Андреева Индиан-Уэллс турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан тарихи жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған 17 жасар ресейлік — алғашқы сетті жеңілгеннен кейін жеңіске деген керемет ерік-жігер көрсетті. 2 сағат 6 минутқа созылған кездесудің қорытынды есебі 2:6, 6:4, 6:3 болып, Андреева жеңіске жетті.

Америка корттарындағы жеңісі үшін Мирра Андреева бір миллион доллардан астам жүлде ақшасы мен мың рейтингтік ұпай алады. Айта кетерлігі, жас теннисші титулға жол салған кезде — 1/8 финалда әлемнің жетінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакинаны 6:1, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңген болатын.