Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместің арандатушылық жазбасына жауап берді.
WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес қазақстандық боксшыны жекпе-жектен қашып жүр деп меңзеген жазба жариялап, жылқы мен қашып бара жатқан адамның эмодзилерін қолданды.
Жәнібек бұл жазбаға қазақтың ұлттық тағамына сілтеме жасай отырып, әзілмен жауап берді:
«Мен жылқы етін жақсы көремін! Адамес дегенің кім? Ол өзін жылқымын дейді! Жақында…» — деп жазды Әлімханұлы X (бұрынғы Twitter) желісінде.
Екі чемпион арасындағы ықтимал жекпе-жекке қызығушылық артып келеді — бокс жанкүйерлері тартысты қарсыласуды күтуде.