Valve компаниясы Counter-Strike 2 ойынына ауқымды жаңарту шығарды. Бұл туралы жобаның ресми сайтында жарияланды.
Жаңартуға екі карта — Inferno мен Train өзгерістері, сондай-ақ қару-жарақ контентінің кеңеюі кіреді.
Ойынға үш жаңа скин коллекциясы қосылды:
– Ascent
– Boreal
– Radiant
Жалпы 70-тен астам бірегей скин ұсынылған. Жаңа дизайндар әртүрлі стильде жасалған:
– Біртекті түстер
– Алтын өрнектер
– Камуфляж үлгілері
– Арнайы бояулар
Жаңартуға сонымен қатар:
– Fever Case — қоғамдастық жасаған 17 скин
– Shattered Web пышақтарының Chroma түсті нұсқалары
– Train 2025 коллекциясы
– Шектеулі сериялы XM1014 | Solitude эксклюзиві кірді
Ойыншылар жаңа скиндерді жақын арада нарықта және ойын ішіндегі дроптар арқылы пайдалана алады.