Қазақстанның футзал құрамасы УЕФА-ның жаңартылған рейтингінде бір саты төмендеп, 2456.714 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.
Үшінші орынға 2457.159 ұпай жинаған «Ресей» құрамасы көтерілді. Еуропадағы үздік футзал командасы ретінде «Португалия» (2945.684 ұпай) көш бастап тұр, ал «Испания» 2637.681 ұпаймен екінші орында.
Үздік ондыққа сондай-ақ келесі құрамалар енді:
- «Украина»
- «Франция»
- «Хорватия»
- «Польша»
- «Италия»
- «Словения»
Қазақстан құрамасының рейтингтегі төмендеуі 2026 жылғы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмауымен байланысты. Шешуші матчта біздің құрама «Армениядан» 2:4 есебімен жеңіліп қалған еді.