Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) соңғы жаңартылған рейтингіне сәйкес, әлемдік рейтингтің екінші және үшінші жүздігінде тұрған қазақстандық спортшылар өз орындарын сақтап қалды. Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко сәйкесінше 112-ші және 174-ші орындарда тұр, бұрынғы позицияларында өзгеріс жоқ.
Алайда, кейбір теннисшілер өз позицияларын ұстай алмады. Тимоти Скатов екі сатыға төмендеп, 194-ші орынға тұрақтады. Денис Евсеев айтарлықтай құлдырап, 22 орын жоғалтып, қазір 234-ші орынға жайғасты. Бейбіт Жукаев өз орнын үш сатыға төмендатып, 241-ші орынға түсіп қалды.
2024 жылғы маусымның қорытындысы бойынша ATP рейтингінің көшбасшылары төмендегідей: Янник Синнер (Италия), Александр Зверев (Германия) және Карлос Алкарас (Испания).
Қазақстандық теннисшілер арасында ең жоғары позицияны 34-ші орынмен Александр Бублик иеленді, ал Александр Шевченко маусымды 78-ші орында аяқтады.