27.08.2024
Время для чтения: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жұман Жұмабеков: “Жиі өтетін жекпе-жек – бұл үлкен сынақ”

Жұман Жұмабеков: “Жиі өтетін жекпе-жек – бұл үлкен сынақ”

ММА жауынгері және Parimatch амбассадоры Жұман Жұмабеков алдағы жекпе-жекке дайындық және жекпе-жектен кейін өзін қалай қалпына келтіретіні туралы Sport Pulse-пен бөлісті.

Шайқасқа дайындық қалай өтіп жатыр?

Дайындық енді бастадым. Қарқынды жұмысқа енді кірісіп жатырмын.

Салмақты бейімдеу жүйке жүйесі мен денеңізге қаншалықты әсер етеді?

Біздің спорт түрінде ең ауыры осы салмақ қуу процесі. Нағыз мінез сыналатын уақыт. Өте ауыр кезеңдер мен үшін.

Осы шайқастан нені күтесіз? Қарсыласыңыз туралы не айтасыз және оның өзіне шайқас алдында не айтқыңыз келер еді?

Бұл жекпе жек 6 раундтан тұрады толықтай жекпе жекке дайын боламын. Мен көп сөйлегенді ұнатпаймын. Қарсыласыма айтарым жақсы формада келсін қызықты әрі тартысты жекпе жек көрсетейік. Бұйырса ниет жеңіске жету.

Ай сайын шайқастарға қатысуыңыз ағзаңызға ауыртпалық келтірмей ме? Қалпыңызға қалай келесіз? 

Оңай емес жиі жарыстарға шығып тұру. Енді менің арманым бар алға қойған мақсаттарым бар сол армандарға жету үшін жиі шығуыма тура келіп тұр. Менің арманым үйлі болу анашыма үй салып және келіншегіммен армандаған бала шаға сүю. Сол кезеңді асыға күтіп жүрмін. Алла жазса оғанда жетерміз келіншегім екеум.