14.03.2025
Время чтения: 1 мин

Виктория Графеева әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Виктория Графеева әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Азия чемпионы Виктория Графеева Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Азия чемпионы, Өзбекстан өкілі Ситора Турдибековамен кездесіп, екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Графееваға беріп, есеп 5:0 болып тіркелді.

Осыған дейін 1/8 финалда Графеева Грекия боксшысы София Легакиді дәл осы есеппен жеңген еді. Үш ай бұрын ол Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.