Оқу уақыты: 1 мин

ZywOo m0NESY қосылған Team Falcons келешегін бағалады

ZywOo m0NESY қосылған Team Falcons келешегін бағалады

Team Vitality снайпері Матье «ZywOo» Эрбо ресейлік ойыншы Илья «m0NESY» Осиповтың қосылуынан кейін Team Falcons келешегі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды HLTV.org.

«Егер олар осы қарқынмен ойнап, өздерін жақсы жағынан көрсетуді жалғастырса, биыл топ-2 немесе топ-1 болу мүмкіндігі бар. Олар шынымен күшті қарсылас — құрамында өзін көрсете алатын m0NESY және CT жағынан командаға коллдармен көмектесетін NiKo бар. Оларға тек ойыншылар арасында тепе-теңдік табу керек», — деді ZywOo.

Осипов құрамға қосылғаннан кейінгі үш аптада Team Falcons екі турнир финалында Team Vitality-мен кездесті — IEM Melbourne 2025 және BLAST Rivals Spring 2025. Екі жағдайда да команда 2:3 есебімен жеңілді.