28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зверев Ролан Гарростағы жеңісінен кейін: «Мен Джокович те, Надаль де емеспін»

Зверев Ролан Гарростағы жеңісінен кейін: «Мен Джокович те, Надаль де емеспін»

Александр Зверев Ролан Гарроста сенімді бастап, Лернер Тьенді 6:3, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында неміс теннисшісі — өзінің тұрақсыз формасы туралы ашық айтты.

«Бір жыл бұрын Римге дейін мен ештеңе ұтқан жоқпын. Мен Монте-Карлода екінші айналымда, Мюнхенде бірінші немесе екінші айналымда, Мадридте дәл сол кезеңде шығып қалдым, содан кейін Римді жеңіп алдым. Өкінішке орай, бұл менің болмысым», — деді Зверев.

«Мен әр турнирде финалға шығып немесе жеңіп жүретін Новак Джокович немесе Рафа Надаль емеспін. Мен шыңда жақсы ойнаймын, бірақ менің құлдырауым басқа үздіктерге қарағанда күштірек. Бұл менің теннисім және бәлкім, бұл менің бір бөлігім», — деп мойындады спортшы.

Зверев алдағы екі аптада өз ойыны ең жоғары деңгейге жететініне үміт білдірді.