07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Зверев: «Бірінші сет нашар болды»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Зверев: «Бірінші сет нашар болды»

ATP Masters 1000 турнирінің Торонто қаласында өткен жартылай финалында ресейлік Карен Хачановтан ұтылған әлемнің үшінші ракеткасы Александр Зверев матчтан кейін өз ойынына көңілі толмағанын жасырмады.

— Корпеде өзімді жайсыз сезіндім. Бірінші сет мүлде сәтсіз өтті. Үшінші сеттегі тай-брейкте батыл әрекет етуге тырыстым, бірақ қателіктер көп болды. Допты сезіну жағынан да қиындық болды. Кей сәттерде дәл соқпауға болар еді, — деді Зверев испандық Punto de Break басылымына берген сұхбатында.

Бұл жеңіс Карен Хачанов үшін мансабындағы үшінші «Мастерс» финалына жол ашты. Ол ATP рейтингінде 3190 ұпаймен 12-орынға көтерілді.