Оқу уақыты: 1 мин

Жюль Кунде эль-класикоға қатыспайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жюль Кунде эль-класикоға қатыспайды

«Барселона» қорғаушысы Жюль Кунде жарақат салдарынан бірнеше аптаға қатардан шықты. Ол Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Интерге» қарсы матчта (3:3) сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған.

Медициналық тексеріс нәтижесіне сәйкес, француз футболшысы шамамен үш апта алаңға шыға алмайды. Бұл дегеніміз, Кунде маусым соңына таман ғана қатарға оралуы мүмкін.

Осыған байланысты ол алдағы маңызды кездесулерді, соның ішінде 11 мамыр күні өтетін «Реалға» қарсы эль-класиконы өткізіп алады. Сонымен қатар, қорғаушы Чемпиондар лигасының жартылай финалының Миландағы қарымта ойынына да қатыса алмайды.