17.01.2025
Оқу уақыты: 3 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жылдамдықтың синонимі — Себастьян Лёб

IMG 9035

Себастьян Лёб – автоспорт әлеміндегі ең танымал әрі жетістігі мол спортшылардың бірі. Француз ұлтының өкілі, Лёб өзінің есімін ралли жарыстарымен мәңгіге байланыстырып, тарихтағы ең үздік жүргізушілер қатарына енді. Оның мансабы, жетістіктері мен қайталанбас шеберлігі автоспорт сүйер қауымның назарын аударумен келеді.

Балалық шағы мен спортқа келуі

Себастьян Лёб 1974 жылы 26 ақпанда Францияның Альзас аймағындағы Хагенау қаласында дүниеге келді. Оның бастапқы қызығушылығы гимнастика болатын. Жасөспірім кезінде гимнастикадан бірнеше мәрте жарыстарға қатысып, аймақтық деңгейдегі чемпион атанды. Алайда уақыт өте келе жылдамдыққа, автомобильдерге деген сүйіспеншілігі оның өмірін мүлде басқа бағытқа бұрды.

IMG 9034

Автомобиль жарыстарына Лёб 1990-жылдардың басында қатыса бастады. Алғашқы кездері ол жергілікті деңгейдегі ралли жарыстарында бақ сынап, жүргізушілік шеберлігін дамыта түсті.

WRC мансабы

Лёбтің мансабының шарықтау шегі – Дүниежүзілік ралли чемпионатындағы (WRC) жетістіктері. 2001 жылы ол Citroën командасының құрамында дебют жасап, аз уақыт ішінде өз мықтылығын дәлелдеді. 2004 жылдан бастап 2012 жылға дейін Лёб WRC-де қатарынан 9 рет чемпион атанып, рекорд орнатты. Бұл жетістік әлі күнге дейін ешкімнің қолынан келмеген.

Оның мансабындағы басты ерекшелік – тұрақтылық пен шеберліктің үйлесімі. Лёб әртүрлі жағдайларда: асфальтта, қиыршық таста немесе қарлы трассаларда жоғары нәтиже көрсете білді.

AUTO RALLYE DU MONT BLANC MORZINE 2021

Негізгі жетістіктері

9 — дүркін WRC чемпионы (2004-2012)
— WRC тарихындағы ең көп жеңіске жеткен жүргізуші (80-ден астам кезеңдік жеңіс)
— Асфальттағы жарыстарда теңдессіз шеберлік иесі

Лёбтің тактикасы мен машина сезіну қабілеті оның басты артықшылығы болды. Ол трассаның кез келген бөлігін жылдам әрі қауіпсіз өтуге шебер еді.

Басқа автоспорт түрлеріндегі жетістіктеріне тоқтала өтетін болсақ. Себастьян Лёб тек раллимен шектелмей, автоспорттың басқа түрлерінде де өзін көрсетті. Ол «Дакар» раллиіне, Туринг жарыстарына және тіпті «24 сағаттық Ле-Ман» секілді беделді жарыстарға қатысты. 2019 жылы ол Extreme E жарысына қатысып, электромобильдер жарысындағы шеберлігін көрсетті.

Себастьян Лёбтің мұрасы

Себастьян Лёб автоспорт тарихында ерекше орын алады. Ол тек спорттық жетістіктерімен ғана емес, еңбекқорлығы, жан-жақты шеберлігі және мінсіз спорттық этикасымен де ерекшеленеді. Оның жетістіктері автоспортқа жаңа жанкүйерлерді тартып, келесі буын жүргізушілеріне шабыт сыйлауда.

IMG 9037

Лёб Формула 1-де үшін өнер көрсетпеді?

Лёбтің Формула 1-ге көшу туралы әңгімелері 2009 жылы жиі қозғалды. Сол жылы ол Франция Гран-приіне қатысу үшін Toro Rosso командасының атынан ұсынылған еді. Алайда, FIA лицензиясына байланысты бұл жоспар жүзеге аспады. Формула 1 жарыстарына қатысу үшін қажетті суперлицензияны алу үшін Лёбке көбірек дайындық қажет болды. Себастьян Лёб Формула 1 болидін жүргізу ерекше тәжірибе болғанын айтқан. Алайда ол өз мансабын WRC жарыстарына арнауды жөн көрді, себебі ралли оның шынайы құмарлығы болды. Лёб Формула 1-ді жоғары бағалап, бұл спорттағы жүргізушілердің шеберлігі мен техниканың деңгейін үнемі мақтап отырды.

Себастьян Лёбтің Формула 1 әлеміне толыққанды кіруі жүзеге аспаса да, оның автоспорттағы көпқырлылығы оған осы элиталық жарыс категориясымен байланысты тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Лёбтің Red Bull болидіндегі сынағы оның жан-жақтылығын көрсетіп, автоспорт сүйер қауымның назарын аударды.

Лёбтің мансабы – адалдық пен табандылықтың жарқын үлгісі. Оның есімі әлі талай жылдар бойы автоспорт сүйер қауымның жадында қалатыны сөзсіз.