02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жукаев Уимблдондағы өнерін Коболлиден жеңіліспен аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жукаев Уимблдондағы өнерін Коболлиден жеңіліспен аяқтады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Уимблдон-2025 турнирінің алғашқы айналымында италиялық Флавио Коболлиге 3:6, 6:7 (6:8), 1:6 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ойын толығымен Коболлидің бақылауында өтті. Ол бірінші және екінші допты ойынға қосуда сенімді көрінді. Жукаев 14 эйс жасап, жақсы күрес көрсетті, алайда 6 қосарлы қателікке жол беріп, екі брейк-пойнттың бірде-бірін пайдалана алмады. Ал қарсыласы үш брейк жасап, 99 ұпай жинады. Жукаевтың еншісінде — 75 ұпай.

Осылайша, Бейбіт Жукаев Уимблдонның негізгі торындағы өнерін аяқтап, ал Флавио Коболли турнирдің екінші айналымына жолдама алды.