20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жұқаев тартысты матчта жеңіп, келесі кезеңге өтті

Жұқаев тартысты матчта жеңіп, келесі кезеңге өтті

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев US Open-2025 іріктеуінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол ширек финалда британдық Джек Пиннингтон Джонспен кездесіп, үш сетке созылған тартысты ойында жеңіске жетті.

Бірінші партияда Жұқаев 3:6 есебімен есе жіберді. Бірақ екінші сетте тай-брейкте 8:6 нәтижесімен басым түсті.

Шешуші үшінші сет те тай-брейкке ұласып, қазақстандық спортшы нағыз мінез көрсетті. Қорытынды есеп – 14:12, осылайша Жұқаев жартылай финалға өтті.