27.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жұқаев мықты қарсыласты жеңіп, жартылай финалға жол ашты

Жұқаев мықты қарсыласты жеңіп, жартылай финалға жол ашты

Бейбіт Жұқаев Australian Open турниріне іріктеу жарысында тағы бір сенімді ойын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz meta-ratings.kz басылымына сілтеме жасап.

Ширек финалда қазақстандық теннисші рейтингте жоғары тұрған жапон Юсуке Ватанукимен кездесті. Алғашқы сет тай-брейкте қарсыласқа бұйырды — 7:6 (7:4).

Алайда Жұқаев ойынның бағытын өзгертіп, екінші партияда брейк жасап, есепті теңестірді — 6:4. Шешуші сетте де дәл осы сценарий қайталанып, Бейбіт матчты өз пайдасына аяқтады.

Бұл жеңіс Жұқаевты Australian Open іріктеуінің жартылай финалына шығарды.

Оған дейін ол 1/8 финалда тайлық Касидити Самрежді 6:4, 7:6 есебімен жеңген болатын.