04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жұмағұлов UFC чемпионына қарсы бес раунд тұрды

Жұмағұлов UFC чемпионына қарсы бес раунд тұрды

Жалғас Жұмағұлов 28 маусымда өтетін Oktagon еуропалық лигасындағы титулдық жекпе-жекке белсенді дайындықты жалғастырып жатыр. Қазақстандық спортшы Майамиде көптеген ММА жұлдызы жаттығатын American Top Team залында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дайындық кезеңдерінің бірінде Жұмағұлов UFC-дің қазіргі чемпионы Александр Пантожамен толық бес раундтық спарринг өткізді. Жекпе-жектен видеоны спортшының жаттықтырушысы Денис Милованов Instagram парақшасында жариялады.

Алдағы титулдық кездесуде Жұмағұловтың қарсыласы сегіз жеңіс пен алты жеңілісі бар грузиялық Бено Адамиа болмақ. Өзі 17 жеңіс пен 9 жеңілістен тұратын көрсеткішке ие Жалғас жеңісті жолға қайта оралуды көздейді.