06.02.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жұмабеков: «Мирзаевты қарсылас ретінде өзіме арнайы сұратып алдым»

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Жұмабеков: «Мирзаевты қарсылас ретінде өзіме арнайы сұратып алдым»

8 ақпанда Алматыда өтетін Nomad Fighting 12 турнирінде қазақстандық жауынгер, лақап аты «Арлан» Жұман Жұмабеков Ресейден келген «Қара жобарыс» Расул Мирзаевпен күш сынасады. 70-келі салмақтағы жекпе-жек 5 раундқа есептелген және негізгі кардтағы шайқастардың бірі.

Sport Pulse Жұманмен кездесіп, бірнеше сұрақ қойды.

– Жұман Миразевпен жекпе-жек өткізуге қалай келістің? Ол сені өзі шақырды ма?

– Бұл турнирге Расул Мирзаевты қарсылас ретінде өзіме арнайы сұратып алдым. Fighting Championship лигасының басшылығы жәрдем берді. Енді бұйырса аты аңызға айналған дағыстандық спортшыға қарсы өнер көрсетемін.

– Дайындығың қалай?

– Дайындығым жақсы. Көп сөзбен емес, іспен дәлелдетін жігіттердің біріміз.

– Жаттығу жұмыстары қайда жүргізілуде?

– Жаттығу жұмыстары өзіміздің залда жүргізіліп жатыр. Оны құрастырған Дидар ағамыз. Жаттықтырушы Дәулет, Ақпар бауырымыз да бар. Барлығы ойдағыдай. Қарсыласқа қарсы тактика дайындаудамыз. Бұйырса жекпе-жек күні оны көрсетемін.

– Ол қандай тактика өзі?

– Шығып жеңіске жету ғой. Басқа тактика жоқ. Енді бар күшімізді саламыз. Себебі жекпе-жекте барлығы болуы мүмкін.

– Мақсатың жеңіске жету екені белгілі, ал басқа қандай мақсатың бар?

– Оны бүкіл халық біледі, менің жанкүйерлерім де біледі. Мақсатым анама үй сыйлау. Қазіргі таңда үйді салып жатырмын. Бұйырса осы жылы құрлысын аяқтаймын деген ниет бар. Басты мақсат осы. Сол себепті мен жиі-жиі төбелеске шығып жүрмін. Кез-келген жауынгермен жекпе-жекке шығуға дайынмын.

Бұған дейін Sport Pulse тілшісі Расул Мирзаевпен тілдескен еді.