Оқу уақыты: 1 мин

Жұлдыздар мен блогерлер қатысқан жаңа футбол лигасы Ұлыбританияда басталды

Жұлдыздар мен блогерлер қатысқан жаңа футбол лигасы Ұлыбританияда басталды

Лондондағы Copper Box аренасында жаңа форматтағы Baller League UK турнирі басталды. Жобаның президенті — 24,8 миллион жазылушысы бар танымал YouTube-блогер KSI.

Турнирдің алғашқы екі күнінен кейін Angry Ginge жаттықтыратын Yanited командасы «Арсенал» аңыздары мен «Челсидің» экс-капитаны Джон Терри жетекшілік ететін ұжымдарды жеңіп, көш бастады.

Турнирге қатысып жатқан басқа танымал тұлғалар қатарында «Алтын доп» иегері Луиш Фигу мен белгілі британдық рэпер Dave те бар.

Формат ерекшеліктері:

• Матчтар әр дүйсенбі сайын өтеді, маусымға дейін жалғасады

• 12 команда қатысады

• 4 үздік клуб плей-оффқа жолдама алады

• Ойыншылар әр матч үшін 400 фунт алады

• Ереже өзгеше: бұрыштық соққылар жоқ, үш минуттық арнайы кезеңдер бар, төреші шешімін ақ жалаумен даулауға болады

Командалар құрамында кәсіби мансабын жуырда аяқтаған ойыншылар, футзалшылар мен академия түлектері бар.

Қатысушылар қатарында:

• «Манчестер Юнайтед» академиясының түлегі Джош Харроп

• «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Джордон Айб

• «Ньюкасл» сапында өткен маусымда Чемпиондар лигасында ойнаған Майкл Ндивени