04.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізіледі

Жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізіледі

2026 жылы Алматы мен Астана қаласының орта білім бағдарламасына жүзу спорты енгізілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2024 жылы әлемде 235 мыңнан астам адам суға батып кетті, оның 82 мыңы 1-ден 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл цифр халықты қарапайым жүзу дағдылары мен суда қауіпсіздік тәртібін оқытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігімен бірге бағдарлама енгізу жұмысы істелініп жатыр. Оның аясында жүзу сабағы дене тәрбиесі жүйесіне енгізіліп, мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналады, — деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл жобаны 2026 жылы Алматы мен Астана қаласында ілкі жоба ретінде енгізу жоспарланып отыр. Одан кейін біртіндеп бүкіл елімізге енгізіледі.