17.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жозе Моуринью 25 жылдан кейін «Бенфикаға» оралуы мүмкін

Жозе Моуринью 25 жылдан кейін «Бенфикаға» оралуы мүмкін

BBC Sport мәліметі бойынша, Жозе Моуринью португал футболына оралу туралы келіссөздер жүргізуде — маман 25 жыл бұрын бапкерлік мансабын бастаған «Бенфиканы» басқаруы мүмкін.

Лиссабон клубы Чемпиондар лигасында «Карабахтан» жеңілгеннен кейін қызметінен босатылған Бруну Лажеге орын іздеуде — португалдықтар «Эштадиу да Лушта» екі гол басымдықтан айырылып, 2:3 есебімен жеңілді.

«Бенфика» бапкері жеңімпаз болуы керек — команданы қажетті деңгейге көтеріп, қалаған титулдарды әкелетін маман болуы тиіс», — деді клуб президенті Руи Кошта.

Моуриньюдің өзі үш апта бұрын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалғаннан кейін «Фенербахчеден» босатылған. Португал маман өз мансабында Еуропаның жетекші клубтарында жұмыс істеді:

  • «Челси»
  • «Интер»
  • «Реал Мадрид»
  • «Манчестер Юнайтед»
  • «Тоттенхэм»
  • «Рома»
  • «Фенербахче»

Қазіргі уақытта «Бенфика» Португалия чемпионатында алтыншы орында тұр, көшбасшы «Портудан» бір ойын кем болса да бес ұпайға артта қалып отыр.