Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Жозе Моуриньо әлем чемпионаты алдында ұлттық құрама тізгінін ұстауы мүмкін

«Фенербахче» клубының бас бапкері Жозе Моуриньо Португалия құрамасын баптауыы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басшылық қазіргі бапкер Роберто Мартинестің жұмысына оң баға бергеніне қарамастан, 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық үшін Моуриньоның кандидатурасын қарастырып жатқаны атап өтілген.

Келіссөздер сәтті болса, Жозе бұрын 2010-2013 жылдар аралығында Реал Мадридте бірге жұмыс істеген Криштиану Роналдумен қайта қосылады.

Моуриньо кезінде Роналду 164 матч өткізіп, 168 гол соғып, 49 нәтижелі пас берді.